"Тобыл" да Түркияға жол тартты

Фотография - "Тобыл" да Түркияға жол тартты

Бүгін Қостанайдың «Тобылы» жаңа маусым алдындағы екінші оқу-жаттығу жиынына ұшып кетті. Түркияның Анталия қаласында жаттығатын қостанайлықтар елге қаңтардың 22-сі күні ұшып келеді

207 0

Бүгін Қостанайдың «Тобылы» жаңа маусым алдындағы екінші оқу-жаттығу жиынына ұшып кетті. Түркияның Анталия қаласында жаттығатын қостанайлықтар елге қаңтардың 22-сі күні ұшып келеді.


           «Тобылдың» бірінші оқу жаттығу жиыны өткен жылдың соңғы айында Түркияда өткен. Бұл жолы да клуб басшылығы Жерорта теңізінің шығыс жағалауын таңдапты. Анталияға команда бүгін таңертең Қостанай – Челябинск – Мәскеу – Стамбул – Анталия бағыты арқылы аттанды.

     Клубтың бас бапкері Сергей Масленовтың айтуынша, Түркияда команда бірнеше жаттығулар өткізіп, төрт жолдастық кездесу ұйымдастырмақ. Оның бірінде қостанайлықтар Түркия клубымен ойнаса, қалған үшеуінде Украина және Ресей біріншіліктерінің жоғары санаттағы ұжымдарымен кездесетін болады. Ал команда құрамы 90 пайызға жасақталып қойған көрінеді. Дегенмен, жиынға бапкерлер сынағынан өту үшін өзге клубтардың футболшылары мен бірқатар легионерлердің келулері ғажап емес.

Бүгін таңертең Қостанайдан Түркияға бапкерлерден С.Масленов, С.Гальченко, Т.Уразов, В.Гаркуша, Р.Староверов, В.Алистратов, Р.Вельман және футболшылардан А. Герфорт, Д. Мұқанов, Н. Жұмасқалиев, О Ілиясов, Е. Қуантаев, А. Малышев, А. Шкот, Е. Нұрғалиев аттанды. Командалардың өзге мүшелері жиынға бір-екі күнде толық қосылады. Ал жасөспірімдер құрамасына шақыртылған Әлішер Сүлей Түркияға Гранаткин турнирінен кейін аттанады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!