Полторанин Тоблахта топ жарды

Фотография - Полторанин Тоблахта топ жарды

Қысқы спортта иек артатын шоқтығы биік ұлымыз Алексей Полторанин бүгін Италияның Тоблах қаласында өтіп жатқан "Тур де Ски" көпкүндігінің 5-і кезеңінде топ жарды

171 0

Қысқы спортта иек артатын шоқтығы биік ұлымыз Алексей Полторанин бүгін Италияның Тоблах қаласында өтіп жатқан "Тур де Ски" көпкүндігінің 5-і кезеңінде топ жарды. Бұл туралы халықаралық шаңғы спорты федерациясының ресми сайты хабарлайды. 5 шақырымға классикалық стильмен жарысуда  шығыстың ұланына жетер ешкім болған жоқ. Ол нағыз тісқаққан қарсыластары норвегиялық Петер Норттуг пен швейцариялық Дарио Колоньяның алдын орап кетті. "Тур де Ски" көпкүндігінің жалпы рейтингіде Алексей алтыншы орында келеді.

"Тур де Ски" - желтоқсанның аяғы мен қаңтардың басында халықаралық шаңғы спорты федерациясының ұйымдастырылуымен өтетін көпкүндік. 2004 жылы "Тур де Франс" велокөпкүндігін негізге ала отырып, дүниеге келген турнир. Жалпы есебі 8 кезеңге созылады. Соңғы екі жылда мәртебелі шаңғы турнирін Дарио Колонья екі мәрте ұтып алған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!