Касильяс үздік атанды

Фотография - Касильяс үздік атанды

Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы кезекті сауалнамасының қорытындысын жария етті

124 0

Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы кезекті сауалнамасының қорытындысын жария етті, деп хабарлайды Аламан ұлттық спорт порталы

Журналистердің дауыс беруі бойынша, Испания ұлттық құрамасының және мадридтік «Реалдың» капитаны өткен жылдың үздік қақпашысы атанды. Оның еншісінде 224 балл. Икер қатарынан 5 рет үздік атанып отыр.

Одан кейінгі орында 128 ұпаймен Италия құрамасының және туриндік «Ювентустың» капитаны Джанлуиджи Буффон орналасқан.

Үздік үштікке 92 ұпай жинаған «Челси» мен Чехияның қақпашысы Петр Чех лайықты деп танылды.

Ал алғашқы алтылыққа Мануэль Нойер (85 ұпай), Джо Харт (26), Виктор Вальдес (15) енген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!