«Сарыарқа» Жоғарғы хоккей лигасының топ басындағы орнын сақтап қалды

Фотография - «Сарыарқа» Жоғарғы хоккей лигасының топ басындағы орнын сақтап қалды

Жоғарғы хоккей лигасындағы қарағандылық «Сарыарқа» кезекті кездесуін жеңіспен аяқтады

155 0

Жоғарғы хоккей лигасындағы қарағандылық «Сарыарқа» кезекті кездесуін жеңіспен аяқтады.

Қазақстандық клубтың бұл жолғы қарсыласы Ресейдің «Саров» хоккей клубы болды. Ойындағы алғашқы шайбаны 10-минутта Семен Кокуев соғып, қарағандылықтарды алға шығарды. Басымдықты қолына алған алаң иелері кездесу соңына дейін 4 шайба соқты. Ал қонақтар қарымта 2 шайбамен жауап берді. Жеңіске жеткен «Сарыарқа» Жоғарғы хоккей лигасының топ басындағы орнын сақтап қалды. Айта кетейік, бұл қарағандылық клубтың осы чемпионаттағы қатарынан 19-жеңісі. «Сарыарқаның» келесі қарсылары ресейлік «Рязань» хоккей клубы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!