Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA рейтингінде жоғары көтерілді

Фотография - Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA рейтингінде жоғары көтерілді

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова әлемнің 28-інші ракеткасы болды.

131 0

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова әлемнің 28-інші ракеткасы болды. Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі бүгін жарияланды.

Бұған дейін Қазақстанның 25 жастағы спортшысы WTA-ның 29-ыншы орнында болды. Қазақстандық тағы бір теннисші Галина Воскобоева бұл рейтингте бірден 8 позицияны жоғалтып, 90-ыншы орынға орналасты.

Алғашқы ондықта бір ғана өзгеріс болды. Қытайлық теннисші қыз Ли На итальяндық Сара Эрраниді алтыншы орыннан ығыстырды. Рейтингтегі көшбасшылықты Беларусь спортшысы Виктория Азаренко сақтап тұр. Айта кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы WTA Brisbane International рейтингісінен жарақатына байланысты түсіп қалды.

WTA рейтингі. 2013 жылдың 7 қаңтары:

1 (1). Виктория Азаренко (Беларусь) - 10595;

2 (2). Мария Шарапова (Ресей) - 10045;

3 (3). Серена Уильямс (АҚШ) - 9750;

4 (4). Агнешка Радванска (Польша) - 7505;

5 (5). Ангелик Кербер (Германия) - 5550;

6 (7). Ли На (Қытай) - 5255;

7 (6). Сара Эррани (Италия) - 5100;

8 (8). Петра Квитова (Чехия) - 5085;

9 (9). Саманта Стосур (Австралия) - 4135;

10 (10). Каролин Возняцки (Дания) - 3765.


Тегтер:

Теннис

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!