Лионель Месси төртінші рет «Алтын доп» иегері атанды

Фотография - Лионель Месси төртінші рет «Алтын доп» иегері атанды

Аргентиналық Лионель Месси 2012 жылдың үздік футболшысы атанды.

627 0

Аргентиналық Лионель Месси 2012 жылдың үздік футболшысы атанды. Бұл туралы швейцариялық Цюрих қаласында өткен салтанатты рәсімде жарияланды.

Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы мен «Франс футбол» журналының бірлескен сыйлығы болып табылатын «Алтын доп» үшін күресте 25 жастағы шабуылшы «Барселона» бойынша клубтасы испаниялық Андрес Иньеста мен «Реал» (Мадрид) атынан шығатын португалиялық Криштиану Роналдудан озды.

Осылайша, бүгінде аргентиналық футболшы тағы бір рекорд жасады. Егер өткен жылы Месси күнтізбелік жылдың ішінде 91 доп кіргізіп, неміс Герд Мюллердің 40 жыл бұрын жасаған рекордын жаңартса, енді ол «Алтын допты» қатарынан төртінші рет алып отыр. Футбол тарихында осындай оқиға болмаған еді. 

Еске сала кетсек, сыйлық бүкіл әлемнің футбол журналистерінің, ұлттық құрамалардың жаттықтырушылары мен капитандарының дауыс беру қорытындыларының негізінде тағайындалады.


Тегтер:

Месси

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!