Габриэль Росадо: "Головкинді нокаутқа түсіремін"

Фотография - Габриэль Росадо: "Головкинді нокаутқа түсіремін"

Сегізінші немесе тоғызыншы раундта Головкинді естен тандырамын.

146 0

Қаңтардың 19-ында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жерлесіміз Геннадий Головкинмен жұдырықтасатын Пуэрто-Рико боксшысы Габриэль Росадо қазақстандықты нокаутқа түсіруге уәде берді.

WBA тұжырымының жартылай ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Головкин мен Росадоның бұл жекпе-жегін әлемге әйгілі НВО телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Соңғы кездері журналистерге жиі сұхбат беріп жүрген Росадо қазақстандықты нокаутқа түсіремін деп мәлімдеме жасады.

Сегізінші немесе тоғызыншы раундта Головкинді естен тандырамын. Өз күшіме сеніп тұрмын. Рас, жұрттың барлығы оның соққысының қаншалықты жойқын екендігін айтып жүр. Бірақ олар әлі мені білмейді екен. Менің де соққым қуатты, естен тандырарлықтай. Салмақ қосқан сайын соққым да күшейе түседі, - деді Габриэль Росадо.

Сондай-ақ, пуэрто-риколық боксшы Головкинмен жұдырықтасудың сәті түскеніне қуанышты екенін білдіріп, WBA белбеуін иеленгісі келетінін жасырмады. Бұл қолдан келетінін де айтып өтті.

Шындығында мен бірінші орта салмақ дәрежесіндегі Корнелиус Бандрейджбен болатын жекпе-жекті күте тұрсам болар еді. Өйткені, мен бұл белбеуден бірден-бір үміткер боксшымын. Дегенмен, Головкинмен жұдырықтасу мүмкіндігін жіберіп алғым да келген жоқ. Енді оны тек нокаутқа жіберу ғана қалды, - деді Росадо.

Айта кетейік, 26 жастағы Габриэль кәсіпқой бокста 25 рет шаршы алаңға шыққан. Бесеуінде жеңілген. Жиырмасын жеңген. 12 боксшыны нокаутқа түсірген. Оңқай. Соңғы рет шаршы алаңға 2012 жылы қыркүйектің 21-інде шығып, Кайман аралдарының мақтанышы Чарльз Уайтаккерді 10-шы раундта техникалық нокаутпен жеңген екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!