«Астананың» айдарынан жел есті

Фотография - «Астананың» айдарынан жел есті

ВТБ лигасының 10 турында өз алаңында Мәскеу облысының «Химки» клубын қабылдаған «Астананың» баскетболшылары бұл бәсекені 92:77 есебімен өз пайдасына шешті.

176 0

ВТБ лигасының 10 турында өз алаңында Мәскеу облысының «Химки» клубын қабылдаған «Астананың» баскетболшылары бұл бәсекені 92:77 есебімен өз пайдасына шешті.

Бірден айта кетейік, «Химки» тек ТМД аумағындағы ғана емес, күллі Еуропадағы белді командалардың бірі. Олардың талай ха­лықаралық жарыстарда жүлде алғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Құрамында танымал ойыншылар жетерлік. Ал бұл команданы кезінде КСРО-ның ең белді баскетболшыларының бірі болған, Олим­пиада ойындары мен әлем чемпионат­та­рында атой салған атақты Римас Кур­ти­найтистің өзі баптайды. Биылғы маусымда да ресейлік клуб өз шабысынан жаңылған жоқ. Олар - ВТБ лигасының «А» тобындағы көшбасшылардың бірі.

Міне, жерлестерімізге осындай азулы қар­сыласпен айқасуға тура келді. Қонақ­тардың атақ-даңқынан қаймықса керек, аста­налықтар алғашқы кезеңде білген­де­рінен жаңылды. Көп қателікке бой алдырған алаң иелері «Химкиден» 19:27 есебімен ұтылды. Сол кезде жергілікті жанкүйерлер «енді жағдайды түзеу мүмкін болмас» деп абыржи бастады. Алайда Маттео Бони­чиол­лидің шәкірттерінің салы суға кеткен жоқ. Үзілістен кейін олар ойын тізгінін мықтап қолға алды. Екпінді қимылдап, қонақтардың әрбір әрекетіне тосқауыл қоя білді. Өздері де ұтымды шабуылдар ұйым­дастырып, діттеген мақсаттарына қол жет­кізді. Үзілістен кейін «Астана» клубы қар­сыластарынан 10 ұпай озса, үшінші кезеңде тағы бес ұпай артық жиды. Соңғы кезеңде де өз үстемдіктерін еселей түскен жерлес­те­ріміз айқын жеңіске қол жеткізді. Есеп - 92:77.

Бәсеке аяқ­талған бет­­те «Ас­та­наның» бас бапкері Мат­тео Боничиолли: «Айтулы коман­далар­дың Мәс­кеуде өткен кездесуі қарсылас­тары­мыз­дың айқын жеңі­сі­мен аяқталған еді. Сол себепті бұл матчқа біз тыңғылықты даярландық. Шә­кірттерім «кеткен есені қайырамыз» деп алаңға ерекше бір құлшыныспен шықты. Нәти­жесін өздеріңіз көріп отырсыздар. Біздің жігіттер Еуропаның белді клубтарының бірі «Химкиді» тізер­летті» деп ағынан жарылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!