Сколари Роналдиньо мен Каканы ұлттық құрама қатарынан көргісі келеді

Фотография - Сколари  Роналдиньо мен Каканы ұлттық құрама қатарынан көргісі келеді

Футболдан Бразиля ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған Луис Фелипе Сколари Кака мен Роналдиньоны құрама сапына қосуды қарастыратынын мәлімдеді

144 0

Футболдан Бразиля ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған Луис Фелипе Сколари Кака мен Роналдиньоны құрама сапына қосуды қарастыратынын мәлімдеді.


Кезінде қос саңлақ та әлем футболының үздіктері атанды, сондай-ақ, Бразилияның беткеұстар ойыншылары болды. Алайда, соңғы кезде екеуі де ұлттық құрама сапынан тыс қалды. Алғашқысы жасының ұлғайғандығынан, әлемнің бес дүркін жеңімпаздары жастарға сенім артқандықтан құрамадан шеттетілсе, Кака «Реал» сапында жасыл алаңға сирек шығып қосалқы құрам ойыншысына айналғандықтан шақырту күте алмады.

«Әлемнің қай түкпірінде ойнайтыны , мейлі ол Еуропа болсын , мейлі Бразилия ол маңызды емес. Егер ол командамызға пайдасы тиетін болса мен оны міндетті түрде құрамаға қосамын. Тіпті, жасы отыздан асқан болса да. Ал Кака мен Роналдиньоға келер болсақ, олар үшін ұлттық құрама есігі әрқашан ашық»,- деген Сколаридің сөзін Marca келтіріп отыр.

Сколари сөзіне сенсек аталған екі ойыншы осы жылы өтетін Конфедерация Кубогіне де , 2014-жылы Бразилияда өтетін әлем біріншілгіне де шақырту алып қалуы ғажап емес.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!