Сәпиев пен Рыпакова – үздіктердің үздігі

Фотография - Сәпиев пен Рыпакова – үздіктердің үздігі

 Бұл тізімде биылғы жылы әйелдер арасынан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова үздік боп танылса, ерлер арасынан боксшы Серік Сәпиев қара үзіп шықты.

239 0

Sport Review журналы жылдың үздік спортшыларының рейтингін анықтады. Бұл тізімде биылғы жылы әйелдер арасынан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова үздік боп танылса, ерлер арасынан боксшы Серік Сәпиев қара үзіп шықты.

Үздіктерді таңдау дауыс беру арқылы жүзеге асқан. Дауыс беру жаңа 2013 жылға 1 секунд қалғанда тоқтатылыпты. Нәтижесінде жоғарыда аталған қос спортшы суырылып алға шыққан.

«Өткен жылдары ерлер арасындағы жеңімпаз бірден анықталған болса, биылғы жылы үздік спортшы азаматты таңдау оңайға соқпады. Біресе велошабандоз Винокуров, біресе зілтемерші Ильин алға озып шықты. Алайда, соңғы сәттерде оқырмандар арасынан Сәпиевке дауыс берушілер қатары арта түсіп, ол рейтингтің ең басына шықты» дейді Sport Review өкілдері.

Ал әйелдер арасындағы мықты спортшыны оқырман бірден анықтапты. Жеңімпаз Ольга Рыпакова 62,8% дауыспен жетіпті мәреге. Одан кейінгі орында 14,2% дауыспен Светлана Подобедова тұр. Үшінші орынға 13,3% дауыспен Зульфия Чиншанло, төртінші орынға 9,7% дауыс алған Майя Манеза тұрақтапты.

Серік Сәпиев оқырманның 38,9% дауысына ие болған.Екінші орындағы Александр Винокуровта 37,7% дауыс бар. Илья Ильинге бұйырғаны - 23,4%.

2012 жылдың үздік спортшылары деп танылған Серік пен Ольганы Sport Review журналы арнайы кубокпен марапаттапты.

2010 жылы бұндай мәртебеге Александр Винокуров пен Светлана Подобедова ие болса, 2011 жылдың үздіктері деп Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло танылған.


Тегтер:

сәпиев

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!