Қазақстан чемпионаты 104-і орында

Фотография - Қазақстан чемпионаты 104-і орында

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы ұйымы үздік ел біріншіліктерінің рейтингін түзді. Негізінен, бұл ұйымның мәлімдемелері көпшіліктің көңілінен шыға бермейді

354 0

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы ұйымы үздік ел біріншіліктерінің рейтингін түзді. Негізінен, бұл ұйымның мәлімдемелері көпшіліктің көңілінен шыға бермейді. Алайда, 1984 жылы іргесі қаланған мекеме жыл сайын үздік футбол клубтарының рейтингін жариялап тұруды әдетке айналдырған. Жақында аталған ұйым үздік ел чемпионаттарының кестесін дайындапты.

Көш басында көзіміз үйренген испандықтар. Испания құрамасының мықтылығына келтірер шүбәміз жоқ. Бірақ, Испания чемпионатынан гөрі шытырман оқиғалы ойындарға толы ағылшын премьер-лигасының көрермені көп сияқты көрінеді. Алайда, футбол тарихы және статистикасы халықаралық ұйымы Англия премьер-лигасын 5-і сатыға бір сырғытыпты. Мүмкін, еурокубоктық додаларға, әсіресе Еуропа лигасында испан клубтарының сәтті өнер көрсетіп жүргенін нысанаға алған болар.

Қазақстанның заңғар лигасы біл тізімде 104-і орында. Үздік жүз біріншіліктің қатарына кіру бақыты бұйырмай қалды. IFFHS түзген тізімде Қазақстан құрамасының алдын орап Мальта елінің біріншілігі тұр. Ал, бізден кейін Танзания чемпионаты орналасқан.  Украина чемпионаты 11-і, Ресей  19-ы, Өзбекстан біріншілігі 54-і, Әзірбайжандағы доп додасы 84-і сатыда.

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы ұйымы бұл тізімді қандай негізге сүйеніп құрғанын білмейміз... Сондықтан, Қазақстан премьер-лигасын қандай орынға қойса да,біз отандық чемпионаттың көрермені болып қала береміз...


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!