Оңтүстіктің үздік спортшылары марапатталды

Фотография - Оңтүстіктің үздік спортшылары марапатталды

Ұлу жылы қазақ спортшылары үшін жеңіске толы болды. Ортақ жетістікке Оңтүстік өрендері де үлес қосты

264 0

Ұлу жылы қазақ спортшылары үшін жеңіске толы болды. Ортақ жетістікке Оңтүстік өрендері де үлес қосты. Әр жылдың соңында үздіктерді анықтап, лайықты құрмет көрсету дәстүрге айналған. Осыған орай Шымкенттегі жеңіл атлетика спорт кешенінде жылдың ең үздік спортшылары мен жаттықтырушылары марапатталды. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев пен облыстық туризм, денешынықтуру және спорт басқармасының бастығы Б.Қырықбаев сөз сөйлеп, жүзден жүйрік шыққан азаматтарға сый-сияпаттарын тапсырды.

   Сонымен жылдың ең үздік жаттықтырушысы атағына бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов ие болды. Ең таңдаулы он жаттықтырушының қатарында гимнаст М.Әзімбайдың жеке бапкері Г.Долгополова мен ауыр атлет Ж.Жаппарқұлды баптаған Р.Төлегенов те бар. Шәкірттері биіктен көрінген А.Қарсыбаев, М.Ерденов, Д.Жарменов, Г.Ким, Н.Лопатин, Ж.Әшірбеков, Б.Рахымбаев сынды білікті бапкерлерге де алғысхат пен естелік сыйлық тапсырылды.

   Мерекелік жиында жылдың ең үздік он спортшысы марапатталды. Олардың қатарында спорттық гимнастикадан Лондон олимпиадасында ел намысын қорғаған Мөлдір Әзімбай мен осы ойындарда бесінші орынға тұрақтаған Біржан Жақыпов бар. Сонымен қатар былтыр шахматтан гроссмейстер атағын жеңіп алған Гүлісхан Нахбаева мен еркін күрестен әлем біріншілігінің қола жүлдегері Іңкәр Ермұхамедке де құрмет көрсетілді. Ауыр атлеткадан жастар арасындағы әлем чемпионы Жазира Жаппарқұл, велоспорттан Азия мықтысы Диас Өмірзақов, кикбоксинг шебері Бабуржан Артықбаевтың да еңбектері еленді. Лондон олимпиадасына қатысып қайтқан Азия чемпионы Елена Шалыгина мен ескек есу шебері Евгений Алексеев және қол күресінен әлем чемпионы Қыдырғали Оңғарбайов та жыл үздіктері ретінде құрметке бөленді. Ал, жылдың үздік спорт мектебі болып Николай Ставицкий басқаратын ОҚО жекпе-жек түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі танылды. Серік Оңғарбаев басқаратын  ОҚО су спорты түрлерінен ОРМБЖСМ мен Ерік Байжанов жетекшілік ететін ОҚО №2 ОРМБЖСМ ұжымы да марапатталды. Сондай-ақ спорт тақырыбында қалам сілтеп жүрген бір топ журналистер де арнайы сыйлықтарға ие болды.

   Еңбектері еленіп, құрметке бөленген жаттықтырушылар мен спортшылар алдағы жауапты сындарда ел намысын абыроймен қорғауға уәде берді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!