Қоржында ұпай жоқ...

Фотография - Қоржында ұпай жоқ...

Футболдан Санкт-Петерборда өтіп жатқан Валентин Гранаткин мемориалының топтық турнирі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшін өте сәтсіз аяқталды

440 0

Футболдан Санкт-Петерборда өтіп жатқан Валентин Гранаткин мемориалының топтық турнирі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшін өте сәтсіз аяқталды. 

Алдымен Иран құрамасына 1:2 есебімен жол берген жерлестеріміз Финляндиядан бір доп айырмашылығымен жеңілген еді.

Бүгін «С» тобының соңғы кездесуінде Михаил  Соловьев шәкірттері Түркиялық құрдастарынан  1:3 есебімен ұтылып қалды.

Біздің жігіттер қатарынан гол соғып, көзге түскен – Руслан Сақыпов. Енді Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өзге топтың аутсайдерімен 13-16 орындарға таласады.

Әзірге Гранаткин мемориалының жартылай финалына шыққан командалар қатарында Украина мен Ресей құрамалары бар.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?