"Алматы" Велоклубына Александр Винокуровтың есімі берілмек

Фотография - "Алматы" Велоклубына Александр Винокуровтың есімі берілмек

Бұл туралы клубтың директоры Сергей Гуцалюк мәлім етті

184 0

«Алматы велоспортты дамыту спорттық клубы» МККК-на Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың есімі берілмек. Бұл туралы клубтың директоры Сергей Гуцалюк мәлім етті.

«Біз қалалық спорт және дене шынықтыру Басқармасынан арнайы бекіту қағазын күтіп отырмыз. Қала әкімі Ахметжан Есімовтің рұқсаты бар. Александр Винокуровпен ауызша келісімге келдік. Ол қарсы емес. Бұлай етуіміздің өзіндік себебі бар. Өйткені, біздің бір шебер велошабандозымыз «Астананың» атынан өнер көрсетеді. Ол дегеніміз – халықаралық дәреже, спорттың нағыз жоғарғы деңгейі. Біз онымен мақтанамыз», - деді Сергей Гуцалюк.

 

bnews.kz cайтынан


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!