Франциялық мотоциклист Чилидегі «Дакар-2013» раллиінде қаза тапты

Фотография - Франциялық мотоциклист Чилидегі «Дакар-2013» раллиінде қаза тапты

25 жастағы азамат қарсы келе жатқан полиция көлігімен соқтығысқан

163 0

Франциялық мотоциклмен жарысушы Томас Буржен Чили аумағындағы «Дакар-2013» раллиінде болған жол апатында қаза тапты.

Оқиға таңертең жетінші кезең басталғаннан кейін болды. Қолда бар ақпарат бойынша, 25 жастағы азамат қарсы келе жатқан полиция көлігімен соқтығысқан. Раллиде жұмыс істеген медициналық қызметкерлер бригадасы спортшының өлімін тіркеді. Ол жарысқа алғаш рет қатысқан болатын.

«Дакар» - 1978 жылдан бері өткізілетін жылсайынғы трансконтинентальдық ралли-марафон. Жарыстар жыл басында ұйымдастырылады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!