Әнұран төңірегінде тағы бір дау шықты

Фотография - Әнұран төңірегінде тағы бір дау шықты

Қазақстан әнұранының төңірегінде тағы бір дау шықты.

387 0

Қазақстан әнұранының төңірегінде тағы бір дау шықты. Бұл жолы еліміздің басты рәмізін ресейліктер шатастырып отыр. Аталған жайт Тверь қаласында өткен Жоғарғы хоккей лигасының кезекті турында жергілікті команда мен Қазақстанның "Сарыарқасы" кездесуі барысында орын алған.

Бұл жолы шараны ұйымдастырушылар ойын басталар сәтте Қазақстанның ескі әнұранын шырқатты. Алайда, "Сарыарқа" командасының хоккейшілері асып-саспастан, әнұранды соңына дейін тыңдап, қолдарын кеуделерінен алған жоқ.

Кездесудің өзі болса 3:1 есебімен қазақстандық команданың пайдасына шешілді.

Естеріңізге салайық, осыған ұқсас жайт бұдан бұрын да орын алған болатын. Қостанайда өткен спорттық іс-шаралардың бірінде мемлекеттік рәміздің орнына шетелдік әнші Рикки Мартиннің әні, ал Кувейтте Борат жайындағы фильмдегі жалған әнұран қойылған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!