«Астана» шотландиялықтарды жеңді

Фотография - «Астана»  шотландиялықтарды жеңді

«Астана» футбол клубы Анталияда "Данди Юнайтед"  шотландиялық клубының резервті құрамынан айласын асырып, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

227 0

«Астана» футбол клубы Анталияда "Данди Юнайтед"  шотландиялық клубының резервті құрамынан айласын асырып, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Vesti.kz хабарлағандай, астаналық клубтың қатысуымен өткен жолдастық кездесу бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты өтпей қалған болатын.

Ақыры өткен ойында елордалық футболшылар 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Гол авторлары Танат Нөсербаев пен Филип Ивановски болды. 

«Астана» ойынды келесі құрамда өткізді: Эрич (Төлебаев), Горячий (Халезов), Дмитренко, Нұрдәулетов, Киров, Кояшевич (Қонысбаев), Шахметов, Коробкин, Кетевоама (Хайруллин), Остапенко (Ивановски), Нөсербаев (Гридин). Команданың жаттығу-жиыны 19 қаңтарға дейін жалғасады. Алдағы уақытта командада тағы бір матч жоспарланған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!