Биатлоннан Әлем кубогының 5-ші кезеңі аяқталды

Фотография - Биатлоннан Әлем кубогының 5-ші кезеңі аяқталды

Германияның Рупольдинг қаласында 8-13 қаңтар аралығында биатлоннан Әлем кубогының 5-ші кезеңі өтті.

308 0

Германияның Рупольдинг қаласында 8-13 қаңтар аралығында биатлоннан Әлем кубогының 5-ші кезеңі өтті.

Бұл бәсекеде қазақстандық спортшылар үздік ондықтың қатарына іліге алмады. Атап айтқанда эстафеталық жарыста әйелдер 22 команданың арасында 12-ші, ерлер 26 команданың арасынан 19-шы орын алды. Ал спринттік жарыста 100 спортшының арасынан Алина Райкова 46-шы, Дария Усанова 49-шы, Марина Лебедова 78-ші боп мәре сызығын кесті. Ал ерлер арасындағы спринттік жарысқа 102 спортшының арасынан Ян Савицкий 45-ші, Александр Шервинков 65-ші орынға табан тіреді. Әлем кубогының келесі кезеңі енді 16-20 қаңтарда Италияның Антхольц-Антерсельва қаласында өтеді. Одан кейін 27 ақпан мен 3 наурыз аралығында Норвегияның Холменколлен, 4-10 наурызда Ресейдің Сочи және 11-17 наурызда Ханты-Майсиийск қаласында ақтық 3 кезең болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!