Ярослава Шведова да жеңіліп қалды

Фотография - Ярослава Шведова да жеңіліп қалды

Австралияның Мельбурн қаласында осымен 101-і рет жалауын көтерген "Аустралия Оупен" турнирі қазақстандық теннисшілер үшін сәтсіз өтуде

183 0

Австралияның Мельбурн қаласында осымен 101-і рет жалауын көтерген "Аустралия Оупен" турнирі қазақстандық теннисшілер үшін сәтсіз өтуде. Бұған  дейін жарыс жолынан Галина Воскобоева, Сессиль Каратанчева шығып қалса бүгін олардың қатарын Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын Ярослава Шведова толықтырды. Неміс қызы Анника Беккемен болған ойында жерлесіміз 6:2, 6:7, 6:3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Енді Шведова үшін бар үміт жұптық ойында. Американдық Ваня Кингпен жұп құраған жерлесіміз алғашқы айналымда жапониялық Шуко Аояма және АҚШ қызы Ирина Фальконемен кездеседі.

Ерлер арасындағы жалғыз үмітіміз Михаил Кукушкин австриялық Юрген Мельцерден оңбай ұтылған болатын(6:1, 6:1, 6:2 ).

Ендігі бар үміт жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған Юлия Путинцева мен Ксения Первакта .

Алғашқысы бірінші айналымда американдық  Кристина Макхэйлден басым түссе ( 6:1, 6:7 , 6:2), соңғысы неміс қызы Мона Бартельді ұтты (5:7, 6:2, 4:6).

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!