"Достастық кубогына" қатысатын футболшылар анықталды

Фотография - "Достастық кубогына" қатысатын футболшылар анықталды

Қаңтардың 17-сі мен 27-сі аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында "Достастық кубогы - 2013" додасы басталады. Осыған байланысты Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Сергей Боровский турнирге қатысатын футболшылардың тізімін жариялады

354 0

Қаңтардың 17-сі мен 27-сі аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында "Достастық кубогы - 2013" додасы басталады. Осыған байланысты Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Сергей Боровский турнирге қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.


     Дода қаңтардың 18-і күні басталады. Қазақстан жастар құрамасы бірінші ойынын Қырғызстан жастарына қарсы өткізеді.


    Астанада өткен оқу-жаттығу жиынының нәтижесі бойынша Санкт-Петербургке баратын футболшылардың тізімін анықтады. Кеше жастарымыз жиын аясында соңғы жолдастық кездесуін өткізіп, бірінші лиганың үздік командаларының бірі "Астана-1964" клубын тізе бүктірді. Есеп - 1:0.


Қазақстан жастар құрамасы (U-21):


Қақпашылар: Сергей Ткачук («Шахтер» Қарағанды), Станислав Павлов («Ақтөбе»)

Қорғаушылар: Бақдәулет Қожабаев («Ордабасы» Шымкент), Игорь Пикалкин («Шахтер» Қарағанды), Сергей Григорьев («Оқжетпес» Көкшетау), Саят Сариев («Жетісу» Талдықорған), Кирилл Пасичник («Ақтөбе»), Мақсат Әмірханов («Тараз»)

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Әлібек Аяғанов («Ертіс» Павлодар), Эльвин Аллаяров («Ертіс» Павлодар), Шерхан Бауыржан («Тараз»), Евгений Левин («Ордабасы» Шымкент), Александр Ульшин («Оқжетпес» Көкшетау)

Шабуылшылар: Бауыржан Исламхан («Тараз»), Станислав Лунин («Шахтер» Қарағанды), Тимур Калижанов («Ақтөбе»), Роман Мұртазаев («Шахтер» Қарағанды)


Бапкерлер кеңесі:

Сергей Боровский – аға жаттықтырушы

Қайрат Айманов – аға жаттықтырушының көмекшісі

Игорь Кулиш – қақпашылар бапкері

Александр Киселев – дәрігер

Александр Белов – массажшы

Олег Бутенко – менеджер.


    Команда Санкт-Петербургке Астана әуежайы арқылы 17 қаңтар күні ұшады. Естеріңізге сала кетейік, "Достастық кубогында" Қазақстан жастар құрамасы Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан құрамаларымен бірге "В" тобында өнер көрсететін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!