Велоспортты Олимпиада бағдарламасынан алып тастауы мүмкін

Фотография - Велоспортты Олимпиада бағдарламасынан алып тастауы мүмкін

Лэнс Армстронгке қатысты допинг жанжалынан кейін велоспорттың жағдайы мәз емес. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Дик Паунд мәлімдеп отыр

204 0

Лэнс Армстронгке қатысты допинг жанжалынан кейін велоспорттың жағдайы мәз емес. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Дик Паунд мәлімдеп отыр.

Оның айтуынша, егер Лэнс Армстронгтың допинг қолданғаны Халықаралық велосипед кеңесіне дәлелденсе, онда оны олимпиада бағдарламасынан алып тастауға тура келеді. Егер осылай болған жағдайда Александр Винокуров Олимпиада алтынын еншілеген ең соңғы спортшы болып тарихта қалмақ.

Өткен жылы тамызда Америка допингке қарсы агенттігі (USADA) Лэнс Армстронгтың 1999 жылдан бергі жеткен жетістіктерін жоққа шығарды. Тур де франс мәртебелі велокөпкүндігінің ең көп жүлдесін алған аңыз спортшы атағынан да, абыройынан да айрылды.

Өткен дүйсенбі Лэнс Армстронг әйгілі тележүргізуші Опра Уинфридің бағдарламасында допинг қолданғандығын мойындады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!