«Шахтер» мен «Восток» Түркияда спаррингтік кездесу өткізді

Фотография - «Шахтер» мен «Восток» Түркияда спаррингтік кездесу өткізді

Енді олар 22 қаңтарда Украинаның «Говерла», ал  24-күні «Заря» командаларымен күш сынаспақ

154 0

Кеше Түркияның Анталия қаласында екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан  Қарағандының «Шахтер» және Өскеменнің «Восток» футбол командалары спаррингтік кездесу өткізді.

«Шахтердің» бұл ойыны бұған дейін  Ресейдің «Салют» командасымен өтеді деп жоспарланған болатын. Өскемендіктермен болған кездесуде есеп ойынның 24-ші минутында ашылды. Алайда қарағандылық щабуылшы Сергей Хижниченконың ашқан есебі одан кейін өзгеріссіз қалды. Бұған дейін олар  Германияның «Сандхаузен» командасына 2:4 боп ұтылып, Түркияның Сивс қаласының «Силивриаспор» командасын - 5:0, ал Болгарияның Гоце-Делчев  қаласының «Пиран» командасын 1:0 есебімен ұтқан еді.

Енді олар 22 қаңтарда Украинаның «Говерла», ал  24-күні «Заря» командаларымен күш сынаспақ.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!