Қазақтың гимнастшы қыздары әлемді таңғалдырды (фото)

Фотография - Қазақтың гимнастшы қыздары әлемді таңғалдырды (фото)

Астаналық гимнастшылар Дария Абдуахасова мен Дана Рысбекова Нидерландыда өткен халықаралық цирк фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

338 0

Астаналық гимнастшылар Дария Абдуахасова мен Дана Рысбекова Нидерландыда өткен халықаралық цирк фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Цирк әлемінде деңгейі кинематографтардың «Оскар» сыйлығымен деңгейлес «Алтын клоун»  фестивалінің бас жүлдесі тұңғыш рет Қазақстанға бұйырып тұр.

Бастарындағы кесені бір біріне аяқтарымен ұсынған, бұдан басқа да қиын жаттығуларды көрсеткен қазақстандық гимнастшылар көрініс соңында арнайы құрылғыда тек тісімен ғана ұстанып тұрып, бастарын аяқтарымен садақты шірене тартып, нысанаға дөп тигізген.

Бұл екі талантты жас кезінен жазбай танып, осындай дәрежеге жеткізген цирк студиясының жетекшісі Талғат Альчекенов көрінеді. Сонымен қатар, мың бұралған гимнастшылардың биіктерді бағындыруына себепкер болған жанның бірі елорда циркінің бұрынғы директоры, белгілі сыйқыршы марқұм Балтабек Жұмағұлов көрінеді.

Қыздардың жұп болып өнер көрсетіп жүргеніне 7 жыл болыпты. Ал, «Алтын клоун» жүлдесі олардың бірінші жеңісі емес. Алғаш олар «Шабыт» фестивалінде Балтабек Жұмағұлов атындағы сыйлықты иеленсе, 2010 жылы Ереванда Дельфи ойындарында алтын медалді жеңіп алған. Ақпарат BNews.kz сайтынан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!