Армстронг Сидней Олимпиадасының қола медалінен де айрылмақ

Фотография - Армстронг Сидней Олимпиадасының қола медалінен де айрылмақ

Лэнс Армстронгтан Сидней Олимпиадасының қола медалін қайтарып беруді талап етіп отыр.

144 0

Халықаралық Олимпиада комитеті атақты велошабандоз Лэнс Армстронгтан Сидней Олимпиадасының қола медалін қайтарып беруді талап етіп отыр.

Естеріңізге саламыз, АҚШ-тың допингке қарсы агенттігі (USADA) «Тур де Франс» жарысының жеті дүркін жеңімпазын тыйым салынған заттарды қолданды деп айыптап, барлық атағынан айырған болатын.

Өткен жылы тамызда Америка допингке қарсы агенттігі (USADA) Лэнс Армстронгтың 1999 жылдан бергі жеткен жетістіктерін жоққа шығарды. Осылайша Армстронг барлық жетістіктерімен қош айтысты.

"Мен одан Сидней Олимпиадасының медалін қайтаруды талап еткенімізді растай аламын" дейді ХОК қоғаммен байланыс департаментінің бастығы Марк Адамс.

Лэнс Армстронг 2000 жылы Сидней Олимпиадасының жекелей сынында 46,8 шақырымдық жарыста үшінші болып мәре сызығын кесті. Бірінші болып орыс спортшысы Вячеслав Екимов, екінші неміс спортшысы Ян Ульрих, ал, Армстронгтан кейін испандық Абрахам Олано келді.Енді, испандық велошабандоздың еншісіне Олимпиада медалі жазылуы мүмкін.

Жақында ХОК басшылары Армстронгқа байланысты велоспортты Олимпиада бағдарламасынан алып тастау туралы мәселе көтерген еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!