Коби Брайант ҰБА жұлдыздары сапында қатарынан 15-рет ойнағалы тұр

Фотография - Коби Брайант ҰБА жұлдыздары сапында қатарынан 15-рет ойнағалы тұр

"Лос-Анджелес Лейкерс" клубының қорғаушысы Коби Брайант рекордтық көрсеткішпен 15-рет ҰБА (НБА) жұлдыздары арасында өтетін ойынға қатыспақ

171 0

"Лос-Анджелес Лейкерс" клубының қорғаушысы Коби Брайант рекордтық көрсеткішпен 15-рет ҰБА (НБА) жұлдыздары арасында өтетін ойынға қатыспақ.

Жанкүйерлер арасындағы дауыс беруде Брайант оқ бойы озық шыққан. Шамамен жарты миллионға жуық адам өз дауыстарын берген. Енді міне, 15-мәрте шақыртыла отырып (1998/99-маусымдарды назар алмағанда. Ол уақытта локаут жарияланған), 34 жастағы баскетболшы жаңа рекорд орнатып отыр. Жұлдыздар қатарына 14 мәрте шақыртылған Джерри Уэст пен Шакила Онила, Карл Мэлоундарды басып озған жайы бар.

Брайантпен Батыс конференциясының жұлдыздары қатарында Крис Пол («Клипперс»), Кевин Дюрант («Оклахома-Сити»), Блэйк Гриффин («Клипперс») мен Дуайт Ховард («Лейкерс») есімді ойыншылар шығады. Ал Ал Шығыс конференциясы құрамында Рэджон Рондо («Бостон»), Дуэйн Уэйд, Леброн Джеймс (екеуі де – «Майами»), Кармело Энтони («Нью-Йорк») мен Кевин Гарнетт («Бостон») секілді жұлдыздар өнер көрсетеді.

ҰБА ұйымдастырғалы отырған жұлдыздардың 62-ойыны Хьюстонда "Toyota Center" орталығында 17 ақпан күні өткізіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!