«Атырау» футбол клубы Қазақстан чемпионатынан аластатылуы мүмкін

Фотография - «Атырау» футбол клубы Қазақстан чемпионатынан аластатылуы мүмкін

Себеп - клубтың миллиондаған қарыздары, ресми емес мәліметтерге сәйкес, олар 640 млн. теңгені құрайды

201 0

«Атырау» футбол клубы қарыздары үшін Қазақстан чемпионатынан шеттетілуі мүмкін.

Себеп - клубтың миллиондаған қарыздары, ресми емес мәліметтерге сәйкес, олар 640 млн. теңгені құрайды. Нақты осындай сандарды «Атырау» футбол клубының президенті Шыңғыс Мұқанов республикалық телеканалдар мен газеттердің меншікті тілшілерінің облыс әкімінің орынбасарымен болған кездесуі кезінде атап көрсетті.

Ш. Мұқанов проблеманың барлығын мойындап, клубтың қарыздары жалақы, салықтар мен коммуналдық қызметтер үшін қордаланып қалғандығын айтты.

«Қазіргі уақытта бұл түйіткілді шешу жолдары қарастырылып жатыр», - деді ол.

Еске салайық, егер 9 наурыз күні жалауын көтеретін ел чемпионатының басталуына дейін клуб ойыншылар алдында жалақы қарызын өтемесе, олар ойындарға қатыстырылмайды.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!