Футболдан ТМД чемпионатын өткізу мүмкін емес

Фотография - Футболдан ТМД чемпионатын өткізу мүмкін емес

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер футболдан ТМД чемпионатын өткізу мүмкін емес деп санайды

199 0

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер футболдан ТМД чемпионатын өткізу мүмкін емес деп санайды.

Ол Ресей футбол одағының президентіне бірлескен жарыстар идеясы туралы ұмытуға кеңес берді.

Ресей жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Блаттер ТМД чемпионатын құру ФИФА қағидаттарына қайшы келетіндігін қадап айтты.

«ФИФА  - бұл ең басты рөлдерді клубтар ойнайтын пирамида құрылымына ие ұйым. Клубтар клубтық жарыстар ұйымдастыруы керек, бірақ ұлттық федерациялар ішінде, бұл ФИФА мен әлемдік футболдың саясаты. Біз ұлттық лигалардың шекарасын еш уақытта қайта қарастырмаймыз.ТМД лигасын құру мүмкін емес, бұл ФИФА қағидаттарына қайшы, бұған жол берілмейді», - деді ол.

ФИФА президенті сондай-ақ, ұлттық федерациялардан тыс клубтық турнирлерді ұйымдастыру мүмкіндігіне ФИФА мүшелері - Конфедерациялар ғана ие екендігін қосып өтті.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!