Серік Сәпиев жаңа қызметке кірісті

Фотография - Серік Сәпиев жаңа қызметке кірісті

 Енді ол Қазақстанның бокс федерациясында спорт директоры қызметін атқаратын болады

178 0

Лондон Олимпиадасындағы жеңісінен кейін спорттық ғұмырын аяқтаған жұлдызымыз Серік Сәпиев жаңа қызметіне кірісті. Енді ол Қазақстанның бокс федерациясында спорт директоры қызметін атқаратын болады.

Серік Жұманғалиұлы. Олимпиада жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы атанған ел мақтанышын енді осылай атағанымыз дұрыс шығар. 14 қаңтардан бастап ресми түрде спорт директоры қызметіне кіріскен Сәпиев елімізде бокстың дамуын қадағалайтын болады. Рас, әзірге Олимпиада жеңімпазы жаңа қызметіне аздап үйренісуде. Дегенмен отандық боксты бүге-шігесіне дейін білетін чемпионымыз мансабына толық бейім­деліп алған соң ел боксын тек алға жете­лейтініне сенімдіміз.

Қазақстан бокс федерациясының бас кеңсесі Астанада орналасқан соң, жаңа қызметінде Серік Сәпиевке елордаға қоныс аударуына тура келеді. Дегенмен Серік Астанаға отбасымен бірге көшіп келуге әзірге дайын емес. Өйткені жаңа жыл қарсаңында Сәпиевтер отбасында екінші қыз Алуа өмірге келген болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!