И. Дычко "Астана арландарының" сапында өнер көрсетеді

Фотография - И. Дычко "Астана арландарының" сапында өнер көрсетеді

"Отандық боксшы Иван Дычко "Астана арландарының" сапында өнер көрсетеді" деген ақпарат ақыры ақиқатқа айналды

225 0

"Отандық боксшы Иван Дычко "Астана арландарының" сапында өнер көрсетеді" деген ақпарат ақыры ақиқатқа айналды. Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері "арландар" сапында шаршы алаңға сәуір айында шықпақ

"Отандық боксшы Иван Дычко "Астана арландарының" сапында өнер көрсетеді" деген ақпарат ақыры ақиқатқа айналды. Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері "арландар" сапында бір-екі жұдырықтасуға шықпақ. Бұл туралы "Алаштың аренасына" клубтың бас директоры Болат Манкенов мәлімдеді.

Қазір "Астана арландары" мен бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматының маңындағы базада оқу-жаттығуын жүргізуде. Әлбетте, олардың өз кестесі, біздің өз бағдарламамыз бар. Бірақ бір-бірімізбен тәжірибе алмасып тұрамыз. Жақында Иван Дычко бар, оның жеке бапкерлері бар және ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов бар, бәріміз бірге отырып әңгімелесіп, Ваняның "арландар" сапында өнер көрсету мәселесін талқыладық. Сөйтіп, бәріміз Дычконың ұлттық құрамамен бірге жаттыға бергені дұрыс деген ортақ пікірге тоқталдық. Өйткені, алда әлем біріншілігі келе жатыр. Ваня сол додаға бас командамен бірге дайындалуы тиіс. Дегенмен, әлем чемпионатының "шлемсіз бокс" ережесі бойынша өтетінін де ескердік. Сондықтан, алыбымыз "арландар" сапында бір-екі жекпе-жекке қатысып, аз да болса тәжірибе жинақтап алғаны дұрыс деген шешімге келдік. Яғни, осы маусымда Иван Дычконың "арландар" құрамында айқасқанын көретін боламыз, - деді Болат Тохтарұлы.

Олимпиада жүлдегерінің "Астана арландарына" ауысқанын боксшының жеке бапкері Сапабек Мұқышев те растады.

Негізі, Дычко "Астана арландарының" сапында әу бастан-ақ бар. Маусым басында келісімшартқа отырып қойған. Бірақ Лондон Олимпиадасынан кейін біраз демалды да, жаттыққан жоқ. Қазір ол ұлттық құрамамен бірге жаттығуда. Бірақ алда "арландардың" бір-екі айқасына қатысады. Нақты айтсақ, Дычко "арландар" сапында сәуір айында, яғни WSB додасының жартылай финалында шаршы алаңға шығады.

"Арландардың" жартылай финалға жететініне сенімдісіз бе?

Мынандай құраммен чемпион атануға да мүмкіндіктері зор. Командада жақсы боксшылар жиналған. Егер сәтін салса, чемпиондық белесті де бағындыра алады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!