Ресей - Қазақстан 7:3

Фотография - Ресей - Қазақстан 7:3

"Достастық кубогы" турнирінің "А" және "В" тобындағы командалардың топтық сайыстары аяқталды.

292 0

Бүгін Ресейдің Санкт- Петербор қаласында футболдан 21 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасындағы "Достастық кубогы" турнирінің "А" және "В" тобындағы командалардың топтық сайыстары аяқталды.

Онда "В" тобында Қырғызстан мен Өзбекстан құрамалары 2:2 есебімен тең түссе,  Ресей мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойын 7:3 болып аяқталды. Бұған дейін Сергей Боровский жаттықтыратын қазақстандықтар өзбектерге 0:1 болып жеңілгенімен, қырғыздарды 3:1 есебімен ұтқан болатын. Ресейліктер  өзбектермен 2:2, қырғыздармен  0:0 есебімен тең түссе,  қырғыздар орыстармен 0:0, өзбектермен 2:2 есебімен тең түсті.

Сейсенбіде  енді "С" тобындағы командалардың ақтық ойыны өтеді. Ал сәрсенбіде 1/8 финалдық ойындар басталады.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!