Түркияда «Тараз» футболшылары македониялық «Тетекспен» тең түсті

Фотография - Түркияда «Тараз» футболшылары македониялық «Тетекспен» тең түсті

Түркияның Анталия қаласындағы  алғашқы оқу-жаттығу жиыны шеңберінде "Тараз" футбол командасы кеше соңғы спаррингтік кездесуін өткізді

293 0

Түркияның Анталия қаласындағы  алғашқы оқу-жаттығу жиыны шеңберінде "Тараз" футбол командасы кеше соңғы спаррингтік кездесуін өткізді.

Тараздықтар Македонияның «Тетекс» командасымен 0:0 есебімен тең түсті. Мұның алдында 20 қаңтар күні Хорватияның "Осиек" командасына  0:2 болып жеңіліп, 16 қаңтарда  Ливияның «Аль-Иттикат» командасын 1:0 есебімен ұтқан болатын. Сондай-ақ 13 қаңтарда алғашқы спаррингте Түркияның «Арсинспор» командасына 1:2 есебімен есе жіберген еді.

Ертең елге оралатын тараздықтар бірнеше күн тынығып, Түркияға қайта оралады. Олар 27 қаңтар мен 10 ақпан аралығында Белек қаласында шет елдегі екінші оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Онда 30 қаңтар мен 3, 6, 9  ақпан күндері төрт спаррингтік кездесу өткізеді. Команданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың әзірге үш қарсыласы белгілі болып отыр. Олар - «Волга», «Рад» және «Раднички» футбол командалары.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!