Ярослава Шведова Australian Open-2013 турнирінің ширек финалына шықты

Фотография - Ярослава Шведова Australian Open-2013 турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Мельбурн қаласында өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінің ширек финалына жолдама алды

149 0

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Мельбурн қаласында өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жарыстың екінші айналымында ол өзбекстандық Денис Истоминмен жұп құрап, қытай-мексикандық дуэт Ян Цзы - Сантьяго Гонсалесті 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Шведова мен Истоминнің келесі қарсыласы испандық жұп Нурия Льягостера Вивес - Давид Марреро және Лизел Хубер (АҚШ) - Макс Мирный (Беларусь) арасындағы матч қорытындысы бойынша белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, Шведова Australian Open-2013 жарысында Қазақстан атынан жарысты жалғастырып жатқан жалғыз теннисші. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!