«Алматылық» баскетболшылардың «Тобылға» шамасы келмеді

Фотография - «Алматылық» баскетболшылардың «Тобылға» шамасы келмеді

Бүгін Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде ХХІ Қазақстан чемпионаты аясында Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы кездесулер өтуде

175 0

Бүгін Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде ХХІ Қазақстан чемпионаты аясында Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы кездесулер өтуде.

«Алматы» (Алматы қаласы)  мен «Тобыл» (Қостанай қаласы) командалары арасында кеше өткен алғашқы ойын 73:88 есебімен қостанайлықтардың пайдасына аяқталған болатын.

Соның нәтижесінде қазір «Алматы» турнир кестесіндегі өз орнын «Тобыл» командасына босатып, 6-дан 5-ші орынға түсіп қалды. Екі командада да 4 жеңіс, 7 жеңіліс бар және пайыздық көрсеткіштері де тең - 36,4 пайыз. Ал 12 ойында түгел жеңіске жетіп, 100 пайыздық көрсеткішке ие болған  «Астана» (Астана қаласы) турнир кестесінде көш бастауда. «Барыстар» (Атырау) 60 пайызбен екінші, «Каспий» (Ақтау) 40 пайызбен үшінші орында тұрса, көш соңындағы «Қапшағайда» (Алматы облысы) бұл көрсеткіш 25 пайызды құрауда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!