Еуропа чемпионы "Тараз" клубына ауысты

Фотография - Еуропа чемпионы "Тараз" клубына ауысты

Португалиялық футболшы Мануэль Курто "Тараз" футбол клубымен келісім-шартқа отырды

117 0

Португалиялық футболшы Мануэль Курто "Тараз" футбол клубымен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

26 жастағы жартылай қорғаушы "Бенфиканың" түлегі. Бірақ ол тек осы клубта жасөспірімдер қатарында ойнаған. 19 жасында ол "Эштрелу Амадораға" ауысады. Одан кейін, Мануэль Курто "Торринс", "Пинхалновенсе", "Рио-Майор" және "Эшториль" сияқты клубтарда ойнаған. Өткен маусымда ол "Навале" құрамында өнер көрсетті.

Айта кететін жәйт, Мануэль Курто 17 жасқа дейінгі футболшылар арасында өткен Еуропа біріншілігінің жеңімпазы. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!