Дэвид Бекхэмнің ұлы "Челси" қарауында болып қайтты

Фотография - Дэвид Бекхэмнің ұлы "Челси" қарауында болып қайтты

Сейсенбі кешке Англия құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм U-14 командасында ойнаған ұлының ойынын тамашалау үшін «Челсидің» жаттығу базасында болып қайтты

173 0

Сейсенбі кешке Англия құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм U-14 командасында ойнаған ұлының ойынын тамашалау үшін «Челсидің» жаттығу базасында болып қайтты.

Қазіргі таңда 37 жастағы Бекхэм өзіне жаңа клуб іздестіруде. Алайда, ардагер қандай жағдай болмасын оның жанұясы – соның ішінде әкесінің жолын қууды армандайтын 13 жастағы Бруклин де Лондон қаласында тұратынын алдын ала шешіп қойған екен.

Сейсенбі күні Бруклин «көктердің» жасөспірімдер командасына қабылдану үшін Кобхэмге (Челси клубының жаттығу базасы) шақырылды. Бұдан бұрын кішкентай Бекхэм әкесінің бұрынғы клубы «ЛА Гэлексидің» жеке академиясында тәлім алған болатын. Алайда, жанұясының Лондонға қоныс аударуына байланысты ол енді жаңа команда іздеуге мәжбүр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!