Легионерлер толықты

Фотография - Легионерлер толықты

«Тараз» футбол клубы жаңа жылдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Енді аз-кем үзілістен кейін футболшылар Түр­кияның Анталья қаласына қайта аттанады. Келесі жиын 27 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтпек

138 0

«Тараз» футбол клубы жаңа жылдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Енді аз-кем үзілістен кейін футболшылар Түр­кияның Анталья қаласына қайта аттанады. Келесі жиын 27 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтпек.

Бұл жиын «тараздықтар» үшін табысты болды. Рас, барлық ойында жеңіске жетті демейміз. Ұтылған кездері де аз емес. Бірақ, бастысы, команданың бапкерлер алқасы толық жасақталып, жаңа маусымда клуб намысын қорғайтын легионерлер толығымен анықталды.

Өткен маусымда серб маманы Любко Петровичке отандастары Милош Крушчич пен Милорад Митрович көмектескен. Енді жаңа маусымда олардың орынын Драган Джурджевич пен Джордже Ранич басады. Ал­ғашқысы – бас бапкердің көмекшісі бол­са, екіншісі – футболшылардың физи­ка­лық дайындықтарына жауап бермек. Сондай-ақ бапкерлер кеңесіне тағы бір серб Р. Азанич қосылды.

Одан бөлек, қаңтардың 7-сі мен 22-сі аралығында Антальяда өткен жиында «Тараз» легионерлерін толығымен жасақтап алды. Өткен жылдан қалған сенегалдық Абдулаи Диакате, сербтер Ерсин Мехмедович пен Мирослав Лечич және нигериялық Обиора Одита сынды легионерлердің қатарына тағы бір серб Марко Ранджелович, камерундық Тити Эссомба және португалдық Жозе Мануэль Курто қосылды. 2003 жылы Португалия жасөспірімдер құрамасымен бірге Еуропа чемпионы атанған Курто қазақ чемпиона­тында доп тебетін тұңғыш португал фут­бол­шысы атанбақ.

Енді команда келесі жиынына 27 қаңтарда аттанады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!