Алматыда Қазақ күресінен ашық турнир өтеді

Фотография - Алматыда Қазақ күресінен ашық турнир өтеді

 деп хабарлайды қалалық Жастар саясаты басқармасының баспасөз қызметі

159 0

Алматыда 26 қаңтарда Қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ашық турнир өтеді, деп хабарлайды қалалық Жастар саясаты басқармасының баспасөз қызметі.

Спорттық шараға Алматы қаласы мен Алматы облысының 1998-2000 жылдар аралығында туған әр түрлі салмақтағы жасөспірімдері қатыспақ. «Бүгінгі таңда спорт жастардың моральдық құндылықтарын қалыптастыру мен оларды тәрбиелеуде негізгі тетік болып табылады. Сондықтан, біз осы шара арқылы қала жастарын ұлттық спорт түрлеріне баулып, дене шынықтырумен тұрақты айналысуға машықтандыруды көздеп отырмыз. «Қазақ күресінің» жастар арасындағы танымалдығын арттырып, мықтыларды анықтау – біздің мақсатымыз», - делінген хабарламада. Спорттық сайыс Қазақ Туризм және спорт Академиясының ғимаратында сағат 11-де басталады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!