Бүгін Ресеймен ойнаймыз

Фотография - Бүгін Ресеймен ойнаймыз

Бейсенбі күні допты хоккейден әлем чемпионатының жалауы желбіреді.

252 0

Бейсенбі күні допты хоккейден әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Норвегия мен Швецияда өтіп жатқан аталмыш жарыс төрткүл дүниенің ең үздік бендишілерінің басын қосты.

«В» тобындағы командалар өздерінің тұсаукесер кездесулерін өткізіп те үлгерді. Бұл ретте АҚШ құрамасының айдарынан жел есіп, олар қатарынан екі рет айқын жеңіске жетті. Бастапқыда Венгрияны 11:0 есебімен ойсырата ұтқан америкалықтар іле-шала канадалық­тарды қапыда қалдырды - 10:1. Ал Эстония мен Украина және Канада мен Латвия арасындағы матчтарда алғаш­қылары басым түсті. Ертең «А», яғни элиталық топтағы ко­ман­далар мұзай­дынына шығады. Солар­дың арасында Қазақстан құрамасы да бар. Тұсаукесер кездесуде жерлестеріміз Ресей­мен күш сынасады. Бұл команда Швеция құрамасымен қатар әлемдік бендидің көшбасшысы саналады. Жаңа ғасыр та­балдырықтан аттағалы әлем чем­пио­натыны 11 мәрте ұйымдасты­рылса, орыстар бес рет бас жүлдені олжалады. Сондықтан да бұл матчта барымызды салуға тиіспіз. Көп кешікпей Финляндия, Швеция, Беларусь және Норвегия хок­кейшілерімен шеберлік байқаса­­-мыз. Скандинавияға сапар шеккелі жат­­қан­да телефон арқылы Қазақстан құрамасы­ның капитаны Рауан Есә­лиевпен тілдескен едік. Ол: «Бұл жа­рыс­тың басты фаво­риттері Ресей мен Шве­ция екені даусыз. Әрине, оларға қарсы ойнау оңай емес. Десек те, біздер де ая­нып қал­май­мыз. Қазақстан құрамасы­ның алға қой­ған мақсаты - жүлде алу. Біз сол жоспарды жүзеге асыру үшін барынша тер төгеміз» дейді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!