«Барыс» «Салават Юлаевты» жеңді

Фотография - «Барыс» «Салават Юлаевты» жеңді

Кеше Құрлықтық хоккей лигасы аясында кезекті ойынды сырт алаңда өткізген астаналық «Барыс» хоккей клубы «Салават Юлаевты» (Башқұртстан) жеңді

184 0

Кеше Құрлықтық хоккей лигасы аясында кезекті ойынды сырт алаңда өткізген астаналық «Барыс» хоккей клубы «Салават Юлаевты» (Башқұртстан) жеңді.

Қызықты да тартысты өткен осы ойынның қорытындысы бойынша «Барыс» өз қарсыласын 6:4 есебімен жеңіп, 73 ұпаймен 10-шы орынға көтерілді. «Салават Юлаевта» да 73 ұпай бар. Бірақ «Барыс» осы уақытқа дейін қарсыластың қақпасына салған шайбалардың саны (150 рет) жағынан алда болғандықтан, жалпытурнирлік кестеде бір сатыға жоғары көтерілді.

Айта кетейік, осы жолы «Барыстың» құрамында танымал қорғаушы Алексей Торщинский өнер көрсетті.  Өскеменнің тумасы бұрынғы «Торпедоның» құрамында біраз жетістіктерге қол жеткізіп, соңғы жылдары мәскеулік "Динамо", «Атлант», «Витязь» сияқты командарының сапында ойнады. 39 жасар хоккейші «Салават Юлаевпен» болған ойында бір нәтижелі паспен көзге түсті. Осының арқасында «Барыс» соңғы минуттарға дейін 5:4 есебін ұстап, таразы басын теңестіруге тырысқан қарсыластың бос қақпасына тағы бір шайбаны соғып үлгерді. Енді, «Барыс» сырт алаңда екі ойын өткізеді. Оның қарсыластары - «Ақ барс» және «Нефетехимик».


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!