«Астана» мен «Металлург-Кузбас» командалары тең түсті

Фотография - «Астана» мен «Металлург-Кузбас» командалары тең түсті

Түркияның Анталия қаласында болған кешегі ойында «Астана» мен «Металлург-Кузбасс» командалары 2:2 есебімен тең түсті

121 0

Түркияның Анталия қаласында болған кешегі ойында «Астана» мен «Металлург-Кузбасс» командалары 2:2 есебімен тең түсті.

Астаналықтардың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық аяқдопшылар арасынан Ұлан Қоныспаев кездесудің төртінші минутында есеп ашқан. Онымен тоқтап қалмай араға он минут салып Мирослав Беранектің шәкірттері қарсыластар қақпасына екінші допты тоғытқан.  Владимир Федотов жаттықтыратын новокузнецкіліктер сапынан одан кейін Иван Шпаков көзге түсті. Ал ойының екінші жартысында Владимир Воскобойников есепті теңестіріп, өз командасын жеңілістен құтқарып қалды.

Бұл астаналық аяқдопшыларлың Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы спаррингтік кездесуі болатын. Ал  2001/2012 жылғы маусымда Ресейдің Екінші дивизионының «Батыс» аймағында бірінші орын алып, 2012/2013 жылғы маусымда Ресей футбол лигасында бақ сынап жүрген Новокузнецк футболшылары бұған дейін Қостанайдың «Тобыл» командасымен де 0:0 есебімен тең түскен болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!