Канада хоккейшісі Қазақстан рекордын жаңартты

Фотография - Канада хоккейшісі Қазақстан рекордын жаңартты

Қазақстан чемпионатындағы дода бел ортасынан асып, шешуші ойындары тақады. Әйтсе де көш басындағы «Арлан» (Көк­шетау) клубының канадалық шабуылшысы Яник Риндео сұрмергендер рекордын жа­ңарт­ты

183 0

Қазақстан чемпионатындағы дода бел ортасынан асып, шешуші ойындары тақады. Әйтсе де көш басындағы «Арлан» (Көк­шетау) клубының канадалық шабуылшысы Яник Риндео сұрмергендер рекордын жа­ңарт­ты.

Ел чемпионатының көктемге дейін созылатындығын ескерсек, Канада хоккейшісінің өзінің рекордты көрсеткішін әлі де ұлғайта берері сөзсіз. Әрине, тек жарақаттан аман болсын дейік.

Сонымен, Яник Риндео 41 ойында 28 гол соғып, 36 рет нәтижелі пас беріп, сұр­мер­гендер тізімінде 64 ұпаймен көш бастап келеді. Жоғарыда жазғанымыздай, бұл – рекордты көрсеткіш.

Бұған дейін ел чем­пионатында ең көп ұпай жинаған Михаил Паньшин болатын. «Бейбарыс» (Атырау) клубының шабуылшысы 2009-2010 жыл­дар маусымында 53 ойын өткізіп, 62 ұпай (29 гол + 33 пас) жинаған еді.

Жалпы, Яник Риндео 1984 жылы 25 қазанда туған. 2005 жылдан бастап өткен маусымның аяғына дейін Франция клуб­тарында ойнаған.

Өкінішке қарай, дәл қазір Қазақстан чемпионатының мергендер тізіміндегі алдыңғы лекте – кілең шетелдік хоккейшілер. Алғашқы ондықта бір ғана Қазақстан хок­кейшісі бар. Ол – әзірше 6-орында тұрған Алексей Воронцов («Ба­рыс-2»).

Оның алдында – Яник Риндео, оның отан­дасы, бірақ отбасылық жағдайына байланысты еліне кетіп қалған Максим Бойкслэр, содан соң Артурс Озолиньш (Латвия). Үшеуі де – «Арлан» клубының ойыншылары. 4-орында – ресейлік Никита Шестаков («Ал­маты»), ал 5-орында – словак Мартин Хьюза («Ертіс-Павлодар»).


 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!