Бүгін «Барыс» хоккейшілері Қазанның «Ақ барсымен» күш сынасады

Фотография - Бүгін «Барыс» хоккейшілері Қазанның «Ақ барсымен» күш сынасады

Бүгін астаналық «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда Татарстанның «Ақ барс» (Қазан қаласы) командасымен кездеседі

164 0

 Бүгін астаналық «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда Татарстанның «Ақ барс» (Қазан қаласы) командасымен кездеседі.

Негізі, «Ақ барс» - біздің хоккейшілер үшін ыңғайсыз қарсыластардың бірі. Себебі бұған дейін өткен матчтардың басым бөлігінде «Барыс» ұтылып, қарсыласына жол беріп отырды. Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф ойындарына шыққан кезде де үнемі осы «Ақ барсқа» тап болып, жарыс жолынан шығып қалатын. Жалпы, бұл командамен өткізген 10 ойынның тек 2-3-уі ғана біздің пайдамызға шешілді.

Құрлықтық хоккей лигасының бүгінгі кестесіне сәйкес, «Ақ барс» 95 ұпаймен үшінші орында тұр. Ал астаналық «Барыс» хоккей клубы соңғы ойыннан кейін барлығы 73 ұпайға қол жеткізіп, 10-шы орынға көтерілді.

Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 21.00-де басталады. Оны «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге мүмкіндік бар.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!