Бапкерлер білімін жетілдіріп келді

Фотография - Бапкерлер білімін жетілдіріп келді

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен танымал жаттықтырушы Марат Жәкиев Италияның Ассизи қаласында өткен АІВА семинарынан оралды

141 0

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен танымал жаттықтырушы Марат Жәкиев Италияның Ассизи қаласында өткен АІВА семинарынан оралды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Әлемге танымал мамандардың басын қосқан жиында негізінен APB жобасына қатысты мәселелер талқыланған. APB - бүкәлемдік бокс қауымдастығының кәсіби бокс турасындағы жаңа жобасы. Семинар аяқталған соң, Мырзағали Айтжанов пен Марат Жәкиевке сертификат тапсырып, бүгінгі бокстың өркендеуіне үлес қосқаны үшін AIBA басшылары алғыс білдірді. Бапкерлер бұл семинарда айтылған біраз кеңестің жергілікті боксшыларға көмегі зор екенін жасырған жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!