Шведке кеткен есені норвегтерден қайтарды

Фотография - Шведке кеткен есені норвегтерден қайтарды

Бұл күндері Швецияда допты хоккейден әлем чемпионаты өтуде. Алғашқы екі кездесуде Ресей мен Швеция хоккейшілерінен ойсырай ұтылған Қазақстан құрамасы бар ашуын норвегиялық ойыншылардан алды

157 0

Бұл күндері Швецияда допты хоккейден әлем чемпионаты өтуде. Алғашқы екі кездесуде Ресей мен Швеция хоккейшілерінен ойсырай ұтылған Қазақстан құрамасы бар ашуын норвегиялық ойыншылардан алды. Кеше Рауан Исалиев бастаған жігіттер Норвегия құрамасын 10:1 есебімен тізе бүктірді.

Бұл матч жанкүйерлер есінде Вячеслав Бронниковтың 4 гол соғуымен есте қалды. Команданың сұрмергені жалпы есебі 6 голмен әлем чемпионатындағы мергендер көшінде келеді.

 

Кешегі матчта Сергей Почкуновтың  еншісіне 3 гол жазылды. Ал, ұлттық құрама сапындағы жалғыз қазақ Рауан Исалиев голға айналған пас берумен қатар, қарсылас қақпашысын 3 мәрте қапы қалдырды.

Мінеки, Норвегия құрамасын Исалиев-Бронников-Почкунов үштігі оп-оңай талқандады. Ертең біздің жігіттер Финляндия құрамасымен кездеседі.

33-і рет ұйымдастырылып отырған бендиден әлем чемпионатының алғашқы екі матчында Қазақстан Ресейден 4:6, Швециядан 2:9 есебімен ұтылып қалған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!