Марио Балотелли "Милан" клубына көшті

Фотография - Марио Балотелли "Милан" клубына көшті

"Манчестер Сити" клубының шабуылшысы Марио Балотелли бүгін "Милан" клубына көшеді. Клубтардың өзара келісімі бойынша, Марио бүгін Миланға келіп, медициналық тексеруден өтеді. Содан кейін ғана ол клубпен 2017 жылдың 30 маусымына дейінгі келісімге қол қояды

120 0

"Манчестер Сити" клубының шабуылшысы Марио Балотелли бүгін "Милан" клубына көшеді. Клубтардың өзара келісімі бойынша, Марио бүгін Миланға келіп, медициналық тексеруден өтеді. Содан кейін ғана ол клубпен 2017 жылдың 30 маусымына дейінгі келісімге қол қояды.

"Супер Марио" жаңа командада жылына 4 миллион евро табады, айта кетсек, Англиядағы табысы бұдан 2 миллионға көбірек болған. Трансфер соммасы 20 миллион евро, бұл ақшаны "россонерліктер" бірнеше жылға бөліп төлеуі тиіс. Сондай-ақ Балотеллидің Италиядағы ойыны сәтті болса, "Ман Сити"-ге 3 миллион евро көлемінде бонус төленеді.

"Милан" мен "Манчестер Сити" клубтарының ресми сайттары Марионың ауысуы туралы ақпаратты әлі жариялған жоқ. Алайда "Милан" қожайыны Сильвио Берлускони жұлдызды форвард алғаны жайлы теледидарға сюжет түсіріп үлгеріпті.

22 жасар Марио Балотелли - Ганадан шыққан, итальяндық футболшы. Ол соңғы Еуропа чемпионатының жартылай финалында Германия қақпасына екі гол соғып, ұлттық құраманы финалға шығарған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!