«Астана» Ресейден Бразилия қорғаушысын алды

Фотография - «Астана» Ресейден Бразилия қорғаушысын алды

Бүгін «Астана» клубы бірнеше футболшысымен арадағы келісімшартын ұзартты. Әрі командаға жаңадан қосылған Бразилияның бір футболшысымен де еңбек келсімшартына отырды

265 0

Бүгін «Астана» клубы бірнеше футболшысымен арадағы келісімшартын ұзартты. Әрі командаға жаңадан қосылған Бразилияның бір футболшысымен де еңбек келсімшартына отырды.

Бір қызығы, келісімшартқа қол қою рәсімі қақап тұрған сәулетті Астанада емес, жайма-шуақ Антальяда өткен. Өйткені дәл қазір «Астана» футбол клубы түріктің осы курортында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

«Астана» клубының президенті Азамат Айтқожин команда атынан бірнеше футболшымен арадағы келісімшартты ұзартқан.

Атап айтқанда, команда капитаны Қайрат Нұрдәулетов, елордалық клуб сапында ең көп ойын өткізген (тіпті рекордсмені десек те жарасады) Марат Шахметов, ел футболының ең ұшқыр саңлақтарының бірі Ұлан Қонысбаев, астаналық клубтың өткен маусымдағы сұрмергені Таңат Нөсербаев, Қазақстан құрамасының сапына шақыртылып жүрген орталық қорғаушы Виктор Дмитренко және елордалық жанкүйерлердің қошеметіне ие болып жүрген легионерлер Дамир Кояшевич пен Фокси Кетевоама еңбек шарттарына қол қойып, алдағы маусымда «Астана» клубының намысын қорғайтын болды.

Сонымен қатар «Астана» клубы құрамын Бразилия қорғаушысы Зелаомен нығайтып отыр. Зелао 2011 жылдан бастап Ресей чемпионатындағы «Кубань» (Краснодар) клубының сапында ойнап, осы команданың капитаны да болған екен.

Ал оған дейін Бразилияның «Брагантино» және «Коринтинас» клубтарының, сондай-ақ Ресей премьер-лигасындағы «Сатурн» клубының сапында өнер көрсеткен. «Кубань» да – Ресейдің ең жоғарғы лигасында ойнайтын команда.

Жалпы, 1984 жылы 12 қарашада туған Бразилия қорғаушысы Ресей премьер-лигасында 119 ойын өткізіп, алты гол соққан екен. Ал көпшілікке танымал «Коринтинас» құрамында 33 ойын өткізіп, үш гол соғыпты.

Интернет арқылы Зелао туралы ақпараттар іздестіргенбіз. Солардың ішінен сіздерге қызықты болар деп тапқанымыз, оның толық аты-жөні – Луис Рикардо да Силва. Үйленген. Әйелі орыс қызы – Виктория Бравичева. Кәсіби волейболшы. Вероника есімді қыздары бар екен. Ендеше, Зелаоның орыс тілінде тәп-тәуір сөйлейтіні, айтпаса да түсінікті болар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!