Месси мен Роналдудың жолы болмаған - Эль – Классико

Фотография - Месси мен Роналдудың жолы болмаған - Эль – Классико

«Реал» мен «Барселона» "Сантьяго Бернабеу" стадионында кездесіп тең тарқасты

215 0

«Реал» мен «Барселона» "Сантьяго Бернабеу" стадионында кездесіп тең тарқасты. Испания кубогінің жартылай финалдық ойынының алғашқы кездесуінің бірінші бөлігінде жанкүйерлер гол көре алмады. Кездесудің  екінші бөлігінде каталондықтар сапынан Сеск Фабрегас командасын алға жетелесе ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда «Реал» сапындағы жас қорғаушы Рафаэль Варан бұрыштан берілген допқа бірінші жетіп есепті теңестірді. Енді қос қоманда 27-ақпанда қарымта кездесуде «Камп Ноуда» кездеседі.

РЕАЛ – БАРСЕЛОНА – 1:1 (0:0)

Голдар: Фабрегас, 50 (0:1). Варан, 81 (1:1).

«Реал» (Мадрид): Диего Лопес – Эссьен, Варан, Рикарду Карвалью, Арбелоа – Хедира, Хаби Алонсо – Кальехон (Модрич, 58), Езил, Криштиану Роналду – Бензема (Игуаин, 63).

«Барселона»: Пинто – Дани Алвес, Пике, Пуйоль, Хорди Альба – Хави, Серхио Бускетс, Иньеста – Фабрегас (Тиагу, 85), Месси, Педро (Санчес, 76).

Ескертулер: Пике, 1. Рикарду Карвалью, 16. Кальехон, 42. Дани Алвес, 72. Пуйоль, 81. Хаби Алонсо, 90.

Төреші: Клос Гомес.

Мадрид. Стадион «Сантьяго Бернабеу». 79 000


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!