Әлем шаңғышылары Алматыға ағылады

Фотография - Әлем шаңғышылары Алматыға ағылады

Ақпанның 9-ы мен 10-ы күндері оңтүстік астанамыз Алматыда шаңғы қоссайысынан әлем кубогының кезеңі өтеді. Екі күнге созылатын дүбірлі додаға әлемнің 10-нан астам елінің спортшылары қатыспақ

135 0

Ақпанның 9-ы мен 10-ы күндері оңтүстік астанамыз Алматыда шаңғы қоссайысынан әлем кубогының кезеңі өтеді. Екі күнге созылатын дүбірлі додаға әлемнің 10-нан астам елінің спортшылары қатыспақ.

Аталмыш спорт түрінен әлем кубогының кезеңін бірінші рет қабылдайын деп тұрған жоқпыз. Мұндай дүбірлі доданы ұйым­дас­тырудан Алматының тәжірибесі бар. Есте­ріңізде болса, былтыр да оңтүстік аста­на­мыз­дың «Сұңқар» спорт кешенінде шаңғы қоссайысынан әлем кубогының бір кезеңі өтіп, оған дүниежүзінің 14 елінен 50-ден астам спортшы қатысқан болатын.

Олимпиадалық іріктеу кезеңінің кесте­сіне енген бұл жарысқа биыл да 50-ге жуық шаңғышы қатысады деп күтілуде. Нақ­ты айтсақ, Алматыға Норвегия, Слове­ния, Аустрия, Чехия, Украина, Ресей, Кана­да, Франция, Польша, Жапония, Германия сынды елдердің спортшылары келіп, жүл­делі орындарды сарапқа салмақ. Олардың арасында атақтарымен әмбеге аян Акито Ватабе (Жапония), Микко Коксилен (Нор­вегия), Джереми Лами Шапуи (Франция) сынды сайыпқырандар да бар.

Айта кетейік, дүбірлі дода бағдар­ла­масы бойынша шаңғышылар алдымен К-125 тұғырынан секіріп, одан кейін 10 мың метр қашықтықта жарысады. Яғни спортсүйер қауымды тура былтырғыдай қызық­тар күтіп тұр. Сондай-ақ бұл жарысты Eurosport арнасы тікелей эфирден көр­сететін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!