Алғашқы қарсылас - Ресей

Фотография - Алғашқы қарсылас - Ресей

2014 жылы Бельгияда өтетін шағын футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі наурыз айында басталады. Қазақстан құрамасы Латвия, Ресей және Румыния құрамаларымен бір топқа түскен болатын

206 0

2014 жылы Бельгияда өтетін шағын футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі наурыз айында басталады. Қазақстан құрамасы Латвия, Ресей және Румыния құрамаларымен бір топқа түскен болатын. Үшінші топ  Латвияда наурыздың 27-і мен 30-ы аралығында өзара іріктеу матчтарын өткізбекші.  Кеше Қазақстан құрамасының кездесулері өтетін күндер анықталды.

Жеті топтың жеңімпазы чемпионат қожайыны Бельгиямен бірге финалдық кезеңге жолдама алады. Ал, топта екінші орын алған құрамалар мен үздік көрсеткіштері арқылы үшінші сатыға табан тірегендер қыркүйек айында қалған жолдамаларды өзара сарапқа салады.

27 наурыз – Ресей - Қазақстан (Матч Астана уақытымен 21:30-да басталады)

28 наурыз – Латвия -Қазақстан (Матч Астана уақытымен түнгі 12:00-де басталады)

30 наурыз – Қазақстан - Румыния (Матч Астана уақытымен 18:00-де басталады)


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!