Атырау саңлағы әлемдік сында топ жарды!

Фотография - Атырау саңлағы әлемдік сында топ жарды!

Атыраулық спортшы Бауыржан Күмісқалиев каратэ кекушинкайдан Жапонияда өткен "Гран При 2013" бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Bnews.kz

132 0

Атыраулық спортшы Бауыржан Күмісқалиев каратэ кекушинкайдан Жапонияда өткен "Гран При 2013" бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Bnews.kz. Күншығыс елінде өткен додаға әлемнің 17 елінен 650 спортшы қатысқан.

70 келі салмақта сынға түскен Бауыржан 5 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Тіпті, екі кездесуін айқын басымдылықпена яқтаған.

"Гран При 2013" додасында біздің құрама Бауыржанның жалғыз алтынымен шектелді. Алайда, бір алтынның өзі жалпыкомандалық есепте Ресей мен Жапониядан соң, үшінші орын алуға септігін тигізді.

Жапонияда өткен әлемдік бәсекеге біздің спортшыларды  Атырау облысының аға бапкері  Нұржан Кенжеболатов бастап апарған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!